27 қаң, 2021 сағат 15:02

Денсаулық сақтау вице-министрі қазақстандық вакцина салдырмақ

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «Коронавирусқа қарсы вакцинаны өздеріңіз салдыруға дайынсыздар ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз министрден бастап, министрлік басшылығы өз еркімізбен екпе салдыруға барамыз. Қазіргі кезде біздің бас санитарлық дәрігеріміз Ерлан Қиясов мырза және Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ханым бүгін Sputnik V вакцинасын салдыруға дайын. Жеке өзім қазақстандық вакцинаны таңдап отырмын. Бұл вакцина қолжетімді болған сәтте, алғашқылардың бірі болып осы екпені аламын», - деп жауап берді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.