Фото: Freepik
Жаңа оқу жылы басталған сайын балалардың денсаулығына қауіп төндіретін маңызды мәселенің бірі – мектеп сөмкесінің салмағы. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды баласына сөмке таңдауда мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік бекіткен нормаларға сәйкес, оқушы сөмкесінің салмағы мынадай болуы тиіс:
-
1–3 сынып – 2 кг-ға дейін;
-
4–5 сынып – 2,5 кг-ға дейін;
-
6–7 сынып – 3,5 кг-ға дейін;
-
8–11 сынып – 4,5 кг-ға дейін.
Жалпы, сөмке салмағы баланың дене салмағының 10%-нан аспауы керек.
Сондай-ақ, мамандар қауіпсіз сөмке таңдаудың негізгі шарттарын атап өтті:
-
кең әрі жұмсақ белдік;
-
ортопедиялық арқалық;
-
жеңіл, су өткізбейтін материал;
-
жарық шағылыстырғыш элементтердің болуы.
Дәрігерлер ата-аналарға сөмкені күнделікті тексеріп, артық заттарды алып тастауға кеңес береді. Баланы сөмкені екі иыққа тағып жүруге үйрету маңызды. Егер сөмке шамадан тыс ауыр болса, мұғаліммен сөйлесіп, кей кітаптарды мектепте қалдыруға мүмкіндік қарастырған жөн.
«Баланың дұрыс таңдалған сөмкесі – оның денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі», – деп атап өтті министрлік.
