27 қаң, 2021 сағат 17:30

Денсаулық сақтау министрі вакцина салдыра ма?

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірінші болып вакцина салдыра ма? Қай вакцинаны алады?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министр мырза бізбен бірге бірінші қатарда екпе алуға дайын. Ол да өз еркімен қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдыруды жоспарлап отыр. Бұл вакцина дайын болғанда, зерттеулер біткен соң, ол (министр – ред.) салғызады. Қашан өтетінін сіздерге жариялаймыз және бұқаралық ақпарат құралдарын осы процедураға қатысуға шақырып, халыққа көрсететін боламыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, әзірге үш мың еріктіге қазақстандық QazCovid-in вакцинасы егілді.

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеген еді.