28 қар, 2022 сағат 20:02

Демонополизациялау жөніндегі комиссия өңірлік ірі электр станциясының жұмысын қарады



ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды.

Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.