Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таяу жылдары туберкулезден болатын өлім-жітімнің күрт өсуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Әл-Жазира агенттігі.
Бұған коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыстар мен қаражаттың жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін.
ДДҰ 2020 жылдың бірінші жартысында туберкулездің жаңа жағдайлары туралы есеп беру мен бақылаудың едәуір төмендегенін айтты, өйткені елдер COVID-19 таралуын болдырмауға шектеулер енгізген болатын.
Есепте әлемдегі туберкулез ауруы ең жоғары елдердің қатарына кіретін Үндістан, Индонезия және Филиппин елдері 2020 жылдың алты айындағы жағдай туралы хабарламалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25-30% төмендегені туралы айтқан.
ДДҰ моделіне сәйкес, ауру жағдайлары туралы хабарламалар санының мұндай азаюы туберкулезден қосымша өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін. 2018-2019 жылдар аралығында шамамен 14 миллион адам туберкулезден емделген, бірақ бұл 2022 жылға дейін емделуге үміттенген 40 миллионның үштен бірі ғана.
ДДҰ мәліметтері бойынша, науқастардың шамамен 85%-ын алты ай бойы дәрі-дәрмекпен сәтті емдеуге болады. Емдеу сонымен қатар инфекцияның одан әрі таралуын азайтады. 2000 жылдан бастап туберкулезді емдеу 60 миллионнан астам адамның өлімін сақтап қалды.
Естеріңізге сала кетейік, туберкулез әлемдегі ең қауіпті жұқпалы ауру болып саналады. Бұл көбінесе өкпеге әсер ететін және оңай таралуы мүмкін бактериялардан болады.