28 қаз, 2020 сағат 06:35

ДДСҰ коронавирус жұқтырудың рекордтық өсімін тіркеді

Өткен аптада әлем бойынша коронавирусқа шалдығушылардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпидемиологиялық бюллетенінде жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

19-25 қазан аралығында 2,8 млн COVID-19 анықталған. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Бір апта ішінде коронавирустан 40 мыңға жуық адам көз жұмған. 

ДДСҰ мәліметтері бойынша, ауру, әсіресе, Еуропа өңірінде жылдам тарауда. COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы аталған аймақтан тіркелген. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл – алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп. 

Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестіктегі елдер:

Францияда — 217,7 мың адам ауру жұқтырған; 

Ұлыбританияда — 148,5 мың;

Ресейде — 114,5 мың;

Италияда — 101,9 мың;

Бельгияда — 90,8 мың.