ДДСҰ өкілдері Женевада өткен брифингте коронавирус жағдайы қайтадан басынан басталуы мүмкін екенін және оған дәлел барын ескертті. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтары сайты хабарлады.
Ұйым таратқан мәліметке қарағанда, әлемде коронавирс жұқтырғандар саны 16 млн-ға жетіп, одан 640 мыңнан астам адам көз жұмды.
Жалпы жағдай өте күрделі: вирус кей жерде агрессиялы түрде таралып жатса, кей жерде ауру жұқтырудың жаңа оқиғалар саны өте төмен, эпидемияны жеңген деп көрінген кейбір елдерде жаңа оқиғалар пайда болуда.
«Бірде бір елдің карантинге қайтып оралғысы келмейтіні түсінікті. Және оның экономикалық, өзге де зардаптары жеткілікті. Бірақ біз вирустың таралуы қалай жүретінін түсінетін болсақ, оған жауап шараларды қолдана аламыз. Бұл нейрохирургиядағы жағдай сияқты: миға ота жасалғанда, хирург дәрігерлер проблема жасырынған жерге жету үшін, микроскоптарды қолданады», - деді ДДСҰ Төтенше жағдайлар бойынша атқарушы директоры Майк Райан.
Оның айтуынша, қолданып отырған шаралар нақты әрі жүйелі сипатта болуы тиіс – егер «нұсқау әрбір екі сағатта өзгеріп отырса», бұл тұрғындар үшін өте ауыр, адамдарды кері әсерде қалдыруы мүмкін. ДДСҰ қандай да бір кезеңде нақты шаралар қолданып, олардың нәтиже беруіне көз жеткізу қажеттігін ұсынады.
Ол сондай-ақ, жұқтыру оқиғаларын белсенді түрде анықтап, қадағалау жүргізіп отырған және «апроблеманы жасыруға тырысып жүрген» елдерге қарсы шықпауға шақырды.
«Биліктің шынайы жағдайды жасыруға немесе оның «жақсы көрінуі» әрекеті әлдеқайда қауіпті. Мен елдердің маған шынайы жағдай туралы баяндап, аурудың өршуін басу үшін шаралар қолданғанын қалаймын», - деп толықтырды Райан.