23 жел, 2021 сағат 12:47

ДДСҰ балаларды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналауға қарсылық білдірді


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар мен жасөспірімдердің барлығына коронавирусқа қарсы вакцина салдыртуға кеңес бермейді, себебі бұл жас санатындағылардың қатты ауыру ықтималдығы аз. Бұл ұйым сайтындағы қосымша екпелер туралы мәлімдемеде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде ДДСҰ балалар мен жасөспірімдерді жаппай вакциналауға кеңес бермейді. Себебі аталған жас санатындағылардың қатты ауыру ықтималдығы аз, ал қауіп-қатер топтарына жататын адамдардың барлығы екпе алып үлгерген жоқ», - делінген мәлімдемеде.