20 шіл, 2021 сағат 11:19

"Даусы бес октава" - оқытушысы Рухия Байдүкенова туралы


"Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенова туралы Жетінші арнадағы "Студия 7" жобасында оқытушысы Ирина Воловикова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ол заманауи батыс техникасының бүкіл әдісін қолданды. Олар бес октава деп айтады, ол тек екінші немесе үшінші октавадағы ысқырық режимін қоса қамтиды. Яғни, бұл өте жоғары. Димаш бұл деңгейді жоғары көтергені соншалық, Рухия сол деңгейге жақындап тұр. Және өте сәтті. Өйткені, бұл әдістерді ол қолданып жүрді.

Егер қарапайым адамды алсақ, онда ол тек 7-8 дыбыс шығарады. Бұл - бір октава. Енді ойланыңыз. Онда октава бесе есе көп. Даусы бес октава. Бұл - ең төменнен ең жоғарыға дейінгі деңгей", - деді Воловикова.