19 ақп, 2020 сағат 15:04

Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Дастан Рыспеков ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Дастан Адайұлы Рыспеков 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.