06 мау, 2021 сағат 19:20

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты


Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Зардап шеккен адамдар түрлі дене жарақатын және травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді, ал тағы бір адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Оның қолының білек тұсы сынып, жабық бас сүйек-ми зақымын алды. Стационарлық ем-дом алып жатыр, жағдайы ауыр», - делінген Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінде. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда алкоголь мен есірткі қолданған 1997 жылғы жүргізушінің автобус аялдамасында үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған.