Фото: Ortalyq.kz
Қазақстанда ақ халаттыларға шабуыл жасағандарға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Күзде Парламентте дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады.
- - Бір медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 2-7 жылға бас бостандығынан айырылады;
- - Төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады;
- - Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
Мұндай шешімге оқиғалардың жиілеуі себеп болды. Мысалы 17 шілде күні Қостанай облысында дәрігерге шабуыл жасалып, ол реанимацияға түскен болатын.
