23 шіл, 2025 сағат 11:20

Дәрігерге қол көтергендер қатаң жазаланады – Президент заңды күшейтуді тапсырды

Фото: Gov.kz

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш көрсету, шабуыл жасау және қатыгездік таныту әрекеттеріне қатысты жазаны қатаңдату туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл бастама Парламент депутаттары, денсаулық сақтау саласының мамандары және белсенді азаматтар тарапынан көтерілген. 

«Дәрігерлердің денсаулығына қауіп төндіретін мұндай жағдайларға "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес қатаң құқықтық тосқауыл қойылуы керек», – деді Мемлекет басшысы.


Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеу тапсырылды. Бұл өзгерістер азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп Парламентте кеңінен талқыланады.

Айта кетейік, екі тәулікте Қостанайда және Қарағандыда дәрігерлерге шабуыл тіркелген.