02 нау, 2022 сағат 11:25

Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады


Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясына және Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді", - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Депутаттар Назарбаеваның отставкаға кетуін қолдап, дауыс берді.

"99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұған дейін Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеген болатын.