Сенатор Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Комитет төрайымы қызметіне Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның кандидатурасын ұсынамын", - деп мәлімдеді Дархан Кәлетаев.
Сайлау қорытындысы бойынша Назарбаева ҚР Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып қайта сайланды.