17 қаң, 2022 сағат 20:06

Дариға Назарбаева қаңтардың соңына дейін еңбек демалысында - көмекші


Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қаңтардың соңына дейін еңбек демалысында. Бұл ақпаратты депутаттың көмекшісі Жанна Ермекова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол депутат коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін оңалу жұмыстарына байланысты ақысыз демалыста екенін айтты.

Бұған дейін Дариға Назарбаева коронавирус жұқтыруына байланысты еңбек демалысында екені хабарланған болатын.