
Қазақстандық кәсіби боксшы Данияр Елеусінов Финиксте (АҚШ, Аризона) америкалық Алан Санчеспен болған айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Қос қарсылас Дэниел Джейкобс (35-3, 29 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы айқастың андеркардында жұдырықтасты.
Айқастың бас жағында, ұрымтал сәттердің бірінде қазақстандық қатты соққы жасап, қарсыласының сол көзі жарақаттанды. Төреші бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатып, Елеусіновтың техникалық нокаутпен жеңгендігін жариялады.
Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов 2016 жылғы Риода болған Олимпиадада «алтын» еншілеген еді.
