17 жел, 2024 сағат 16:49

"Дәлелің қап-қап болса да, әділ шешім оңай шыға қоймайды екен": Жұлдыз Әбдікәрімова Шерзат оқиғасына пікір білдірді

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Талғарда болған қайғылы ағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол өз жазбасында өзі де әділдікке жете алмай жүргенін айтады.

“Өзім де құқық қорғау өкілдерінен әділдік іздеп, шырылдап жүргеніме біраз болды. Полиция департаментінен бастап, аудандық, қалалық соттардың табалдырығын тоздырып келемін. Алаяққа алданғаныма 3 жыл болса да, үн қатпай, жария жасамай келгенімде бір себеп болса – ол құзырлы органдарға деген сенім еді. Алайда бір түсінгенім, шындық пен сұмдық айдан анық болып тұрса да, дәлелің қап-қап болса да, әділ шешім оңай шыға қоймайды екен”, – деп жазды актриса. 


Оқи отырыңыз: Шерзат ісі: Желі қолданушылар жаппай блогерлерден "отписка" жасап жатыр


Жұлдыз Әбдікәрімова Шерзат Болаттың отбасына көңіл айтып, қолдау білдіретінін жеткізді.

“Ел Шерзат деп шырылдап, шындық сұрағалы үш ай болды. Бәрі де қалай басталып еді?! Шерзаттың отбасына орнайтын әділдікті Президент өз бақылауына алатынына, Менің Жоғарғы Сотқа берген шағымымды ҚР Бас Прокуроры өз назарында ұстайтынына сенім білдіргім келеді. Мен Шерзаттың ата-анасына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Өздеріңізбен бірге екенімді жеткізгім келеді”, – дейді ол. 


Оқи отырыңыз: Талғар трагедиясы: Шерзат Полаттың өліміне қатысты оқиғалардың хронологиясы және ресми деректер