ДАИШ өз лидері Абу Бакр әл-Бағдадидің қаза тапқанын жариялады. Бұл туралы "Ас-Сумария" телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, әл-Бағдадидің қайтыс болғаны туралы мәлімдеген лаңкестер жаңа басшының есімін жариялаған.
Осыған дейін ирандық БАҚ лаңкестердің көшбасшысының қаза тапқанын дәлелдейтін суреттерді таратқан болатын.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әл-Бағдади Ресей Федерациясының мамырдың соңында жасаған әуе соққысында қаза тапты. Сонымен қатар, сол кезде 300-ге жуық лаңкес қаза тапқан.