23 нау, 2020 сағат 12:30

Дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 10 млрд долларды құрайды - Тоқаев

Дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңгені немесе 10 млрд долларды құрайды. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл дағдарыстық мемлекеттік аппарат пен отандық бизнес үшін сілкінуге сеп болады. Оның сабақтары ескерілуі тиіс. Демек, жедел шаралармен қатар жағдай тұрақтанғаннан кейінгі өмірді ескере отырып, жүйелі әдістер әзірлеп, қабылдауымыз қажет. Шындығына келгенде біз мүлдем жаңа жаһандық әлем алдында тұрмыз. Қазақстан ондан өзінің лайықты орнын табуы тиіс. Орын алған жайттың барлық қиындықтарына қарамастан ол барынша аппаты емес. Бізде барлық мүмкіндіктер, қор бар», - деді ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысы ең бастысы ең қолайсыз сценарийге дер кезінде дайындалғанымызды, не істеу қажеттігін білетіндігімізді баса айтты.

«Салықтық преференциялар мен жергілікті деңгейдегі қолдауларды есепке алмағанда дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңгені немесе 10 млрд долларды құрайды. Бұл қаражатты дұрыс жұмсау арқылы біз дағдарыстан жеңімпаз болып шығатынымыз сөзсіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті осындай жағдайда барлық мемлекеттік органдар жұмыла жұмыс жүргізуі керектігін баса айтты.

«Бұл – береке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл, әлбетте – қауіп, бірақ екіншіден, бұл – мүмкіншілік. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі нәрсе. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болуымыз керек. Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы.