24 қаз, 2025 сағат 13:39

Counter-Strike 2 жаңартуы трагедияға ұласты



Фото: sport-pulse.kz


Қытайда Counter-Strike 2 (CS2) ойынының жаңа жаңартуы шыққаннан кейін бір студент өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы @eugenio8a8 жазды.


«Қытайлық студент бүгін CS2 ойынының жаңа жаңартылуына байланысты ғимараттан секіріп, көз жұмды», — деп хабарлады ол өз жазбасында.



Ойын қауымдастығында бұл жаңалық үлкен күйзеліс тудырды. Көптеген қолданушылар ойын үшін өз өмірін қиған жас жігіттің әрекетін түсінбестікпен қабылдады.


Автор жазбаның соңында барша ойыншыларға үндеу тастады:


«Өтінемін, егер өзіңізді қатты күйзелгендей сезінсеңіз немесе суицид туралы ой келсе — біреумен сөйлесіңіз. Сіздің өміріңіз ақшадан да, кез келген ойыннан да қымбат. Бұлай жасамаңыз... тіпті не айтарымды да білмеймін...»


Мамандардың айтуынша, ойын индустриясы мен киберспорт жастар арасында танымал болғанымен, кейде психологиялық қысым мен тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар ата-аналарды, достарды және қоғамды жастардың эмоционалдық жағдайына бейжай қарамауға шақырады.