20 жел, 2020 сағат 06:15

Covid-пен 652 науқас тіркелді. Бұл – кейінгі айдағы ең төмен көрсеткіш

19 желтоқсан күні Қазақстанда 652 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Бұл – 16 қарашадан бергі ең төмен көрсеткіш. Сол күні 602 науқас тіркелген.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 18211 (+60 адам жаңадан қосылды),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -17555 (+68),
  • Алматы қаласында – 17460 (+51),
  • Атырау облысында – 12512 (+74),
  • Қарағанды облысында – 11666 (+32),
  • Батыс Қазақстан облысында – 8782 (+37),
  • Павлодар облысында – 8246 (+80),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 7903 (+66),
  • Қостанай облысында – 6810 (+66),
  • Ақмола облысында – 6573 (+59),
  • Алматы облысында – 6475 (+25),
  • Шымкент қаласында -5452 (+3),
  • Жамбыл облысында – 4840 (+6),
  • Ақтөбе облысында -3623 (+8),
  • Түркістан облысында – 3575 (+4),
  • Маңғыстау облысында – 3561 (+12),
  • Қызылорда облысында -3340 (+1).

Тәулік ішінде 824 адам Covid ауруынан жазылып шыққан.

Осымен коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар саны 146 584 адамға жетті. Оның ішінде 130 776 адам жазылған, 2186 адам қайтыс болған. Covid ­өлімі дерегіне коронавиус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 20 желтоқсанға дейін 44 385 адам шалдыққан. Оның 474-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сенсек, 20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 25 350 адам короновирус инфекциясынан (13 622 КВИ+ және 11 728 КВИ-) ем алуын жалғастыруда. 

Олардың 4 482-сі – стационарда, 20 868 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. 

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында:

- 259 адамның жағдайы ауыр;

- 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.