15 мам, 2021 сағат 10:12

COVID: Қай өңірлер «қызыл аймақта» тұр?


15 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі сәтте «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» тұр. 

«Жасыл аймақта»: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.