8 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі коронавирус ахуалын бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оған сәйкес:
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы;
- «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары;
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.
Айта кетейік, бүгінгі мәліметтерді 7 маусымда жарияланған коронавирус бойынша ахуалды бағалау матрицасымен салыстырғанда – өзгеріс жоқ.
