Денсаулық сақтау министрлігі "өткен тәулікте 4880 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестпен расталып, тіркелгенін" хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында - 315, Алматы қаласында - 1264, Шымкент қаласында - 180, Ақмола облысында - 246, Ақтөбе облысында - 302, Алматы облысында - 282, Атырау облысында - 198, Шығыс Қазақстан облысында - 201, Жамбыл облысында - 99, Батыс Қазақстан облысында - 140, Қарағанды облысында - 648, Қостанай облысында - 237, Қызылорда облысында - 133, Маңғыстау облысында - 239, Павлодар облысында - 265, Солтүстік Қазақстан облысында - 75, Түркістан облысында - 56.
Осылайша, коронавирус жұқтырғаны лабораторияда дәлелденгендердің Қазақстандағы жалпы саны ресми мәлімет бойынша 798 671 адамға жеткен.
31 тамыз, сейсенбіде коронавирус инфекциясынанн 114 адам қайтыс болған. Оның 21-іне "коронавирус тәрізді пневмония себеп болды" деген диагноз қойылған. Сейсенбі күні 460 адамның "коронавирус тәрізді пневмониямен" ауыратыны расталған.
Министрлік мәліметінше, кейінгі тәуліктерде Қазақстанда 10 644 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
2 қыркүйектегі ақпарат бойынша, елде 104 835 адам коронавирус инфекциясынан (–97 696 + және 7 139 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 22 388 пациент стационарда, 82 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 590 адамның жағдайы ауыр,
• 479 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 226 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазір тек Түркістан облысы ғана коронавирус жұқтыру қарқыны жөнінен "жасыл аймақта" тұр. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары "қызыл аймақтан" "сары аймаққа" өткен.
Сондай-ақ, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін - 6 709 478 адам, 2-ші компонентін 5 502 652 адам салдырған.
Американың Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне қарағанда, әлдемде 218 миллион адам коронавирус жұқтырып, төрт жарым миллионнан астам адам қайтыс болған.
