19 мам, 2021 сағат 10:23

COVID-19: Қазақстан қайтадан «қызыл аймаққа» кірді


Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

19 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары тұр. 

«Сары аймақта» Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Жасыл аймаққа» Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары енді. 

Жалпы Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді. 

Айта кетсек, кешегі мәлімет бойынша Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұрған еді.