Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.
Кейбір вакциналарды әзірлеу үшін адамның жасушалық желілері қолданылады. Жасуша сызықтары әдеттегідей адам ағзаларының тіндері емес екенін түсінуіміз керек. Жасуша сызықтары – бұл бір рет адамнан, жануардан немесе өсімдіктен алынған, содан кейін зертханада құрылған қолайлы ортада өсірілетін жасушалар. Яғни, ескі жасуша сызықтары тірі ағзаның ішінде мүлдем өспеген жасушалардан тұруы мүмкін.
Сондай-ақ, жасуша сызықтары вирустарды өсіру үшін қажет, содан кейін олар вакциналар жасауда қолданылады. Вирус өсірілгеннен кейін ол тазартылады және иммундау препараттарын өндіруде қолданылады. Осылайша, вакциналарда адам немесе жануар жасушаларының ізі де болмайды. Сонымен қатар, препараттарда тіршілік иесінің тұтас жасушасын немесе оның ДНҚ анықтау мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакциналарда адам жасушалары жоқ.
Қазақстандықтар вакциналар құрамы туралы қауесетті бұған дейін де таратқан. Біз екпелердің құрамында оларда аламанның бүйрегі, иттің қаны, жасанды сілекейжәне заманауи графен материалы бар деген фейктерді жоққа шығардық.
