17 қаң, 2022 сағат 08:41

Коронавируспен ауырып жатқан 275 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 275 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 77 474 адам коронавирус инфекциясынан (–75 856+ және 1 618 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 986 пациент стационарда, 70 488 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

275 адамның жағдайы ауыр,

82 пациенттің жағдайы өте ауыр,

52 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.