23 қаң, 2021 сағат 07:32

COVID-19: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін

Коронавирустың британиялық штамы әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Британия Премьер-Министрі Борис Джонсон жұма күні болған брифингте айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Британия Премьерінің сөзінше, осы елде жыл басында пайда болған коронавирус түрі жылдам тарайды және ол өте қауіпті болуы мүмкін. 

«Бүгін бізге Лондон мен Британияның оңтүстік шығысында пайда болған вирустың тез тараумен қатар оның салдарынан адамдардың да жиі қайтыс болуы мүмкін екендігі хабарланды», - деді Джонсон.

Ол осыған дейін дайындалған вакциналардың коронавирустың екі түрі үшін де тиімді екенін айтты. 

Әзірге Англияда вирустың тарау қарқыны біршама тыйылды. Ал, Солтүстік Ирландияда керісінше, вирустың жаңа штамына байланысты ауру өршіп кеткен.

Шотландия мен Уэльсте коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар көбейіп келеді. Англияда вирус жұқтырғандардың көпшілігін коронавирустың кәдімгі түрімен науқастанғандар құрап отыр. 

Жаңа штамм көп тарап жатқан Солтүстік Ирландияда керісінше COVID-19-дан қайтыс болып жатқандар жиі кездеседі.