05 мам, 2020 сағат 06:40

Бюджет қаржысына қымбат көлік пен жиһаз алынбайды – Мемлекет басшысы

Үкімет дағдарыс кезеңінде бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібін бекітті. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дағдарыс жағдайында, көбіне, бюджеттің кірісі мен шығысын реттеу қажеттілігі туындайды. Үкімет дағдарыс кезеңінде бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібін бекітті. Коронавируспен күре­су үшін қомақты қаржы бөлінгенін біле­сіздер. Ел азаматтарына қолдау көрсету, экономикалық белсенділікті арттыру шаралары қосымша қаржыны талап етеді.

Ескерте кететін бір жайт, бюджет қар­жысына қымбат көлік пен жиһаз алынбайды. Ауқымды жиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылды. Кейбір инвес­тициялық жобалар кейінге қалды­рылды. Үнемделген қаражат экономиканың тұрақты дамуын және төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге жұм­салуда. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылып жатыр», - деді Мемлекет басшысы.