БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коронавирусқа қарсы шығарылған ресейлік вакцинаға барынша тез сертификат беретініне сеніп отыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Коронавирусқа қарсы шығарылған ресейлік вакцина БҰҰ миссияларында қолданылып, пандемияға қарсы күресте маңызды рөл атқара алады, деп мәлімдеді Гутерриш.
«Біз ресейлік вакцинаны бұл күресте (коронавирус пандемиясымен – ТАСС) өте маңызды рөл атқара алады деп сенеміз. Ол вакциналар өз қызметкерлеріміз үшін де, жергілікті тұрғындар үшін де қолданылуы мүмкін», - деп атап өтті ол.
«БҰҰ үшін жалғыз шарт – біздің тек ДДСҰ бекіткен вакцинаны қолдана алатынымыз. Қазіргі кезде Ресей билігі мен ДДСҰ арасында байланыс орнатылып жатқанын білемін және оның ресейлік вакцинаның барынша тез мойындалып, сертификатталатынына үміттенемін», - деп қосып өтті ол.