Буркина-Фасо солтүстігінде қолдарына қару ұстаған белгісіз біреулердің шабуылы салдарынан полицияның жеті қызметкері қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы ел үкіметінің сенбі күні жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
Агенттік мәліметінше, тәртіп сақшылары жұма күні таңертең Сахель аймағы аудандарының бірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету миссиясын орындау кезінде шабуылға ұшыраған. Зардап шеккен бес адамның жағдайы туралы ақпарат берілген жоқ.
Ел билігінің мәлімдемесіне сәйкес, тиісті органдар шабуыл жасағандарды іздеу жұмыстарына кірісіп кетті.
Соңғы үш жылда Буркина-Фасо Батыс Африкадағы исламшыл топтардың лаңкестік белсенділігін танытқан ошаққа айналды. Елде «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының (Ресейде тыйым салынған) құрылымы болып табылатын «Үлкен Сахарадағы ислам мемлекеті» мен «Ансар уль-Ислам» топтары әрекет етуде. Осы уқыт аралығында лаңкестер қолынан 1 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 1,5 млн астам адам зорлық-зомбылыққа шыдамай, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
