Бурабайда «Інжу» қонақүйі өртеніп жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Желідегі жазбадан екі қабатты қонақүйдің шатыры отқа оранғанын көруге болады. Желі қолданушылар жедел жәрдем бригадасының, сондай-ақ, жергілікті өрт сөндірушілерге Щучье қаласындағы әріптестері көмекке келе жатқанын айтуда.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі «Інжу» қонақүйі өртеніп жатқанын растады. Алайда, өртке қатысты толық мәліметті кеініпек береді.
