Фото:ТЖМ
Ресми мәлімет бойынша бүгінгі таңда 5 678 тұрғын үй су астында қалып отыр деп мәлімдеді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ресми өкілі Меруерт Ыбраева Астанада өткен брифингте. Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" хабарлайды.
Ресми өкіл берген мәліметтер бойынша су астында қалған үйлердің 5 607-сы жеке тұрғын үйлер және 71-і көп пәтерлі және 17 907-і саяжайлар.
Аймақтар бөлінісі бойынша жағдай мынадай:
Ақмола: жеке тұрғын үй – 907, көпқабатты тұрғын үй -28;
Атырау: жеке тұрғын үй - 1 082, саяжайлар - 30;
Ақтөбе: 44 жеке тұрғын үй
Қостанай: 7 саяжайлар
БҚО: 14 839 саяжай
СҚО: жеке тұрғын үй - 3 574, көпқабатты тұрғын үй - 43 саяжайлар - 3 031;
Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен 11 865 тұрғын үй бар, оның ішінде жеке тұрғын үй – 11 794 және көпқабатты тұрғын үй – 71, сондай-ақ 24 368 саяжай объектілері.
Анықтама:
Ақмола: жеке тұрғын үй – 996, көпқабатты тұрғын үй -28;
Атырау: жеке тұрғын үй -2 973, саяжайлар-30;
Ақтөбе: жеке тұрғын үй - 1 392, саяжайлар-3 181;
Қостанай: жеке тұрғын үй – 1 147; саяжайлар-2 978;
БҚО: жеке тұрғын үй - 1 311, саяжайлар-15 166;
СҚО: жеке тұрғын үй -3 855, саяжайлар - 3 031;
Қарағанды: жеке тұрғын үй -60;
Павлодар: жеке тұрғын үй -38;
Ұлытау: жеке тұрғын үй -22.
Бұл ретте 2 947 тұрғын үй нысаны бойынша техникалық тексеру жүргізілді (құрылыс – 1 553, жөндеу – 1 394).
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың алдын ала деректері бойынша 8 097 дайын жер учаскесі бар.
Анықтама:
Ақмола – 335 жер учаскелер;
Атырау – 3 465 жер учаскелер;
Ақтөбе – 409 жер учаске;
Қостанай-2 189 жер учаскелер;
БҚО-188 жер учаскелер;
СҚО-1 500 жер учаскелер;
Қарағанды-6 жер учаскелер;
Павлодар – 5 жер учаскелер;
Меруерт Ыбраева қалпына келтірудің үш механизмін атап өтті:
"Жаңа тұрғын үй құрылысы; қолданыстағы тұрғын үйді жөндеу; қайталама нарықта дайын тұрғын үйді сатып алу", -деді ресми өкіл.