06 шіл, 2025 сағат 14:12

Бүгін - Ұлттық Домбыра күні


© Photo : otyrar.kz


Қазақстанда Ұлттық домбыра күні сегізінші рет тойланып отыр. Биылғы мейрам Астана күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Ult.kz.


2018 жылы президенттің жарлығымен Ұлттық домбыра күні бектілген болатын. Негізгі мақсат - қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру. Жарлыққа сәйкес, домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.


2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабағын енгізу қажеттігін айтты.