12 қаң, 2025 сағат 14:20

Бүгін Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толды


Фото: Ашық дереккөз


Бүгін көрнекті қаламгер Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толды, деп хабарлайды Ult.kz.

 

Жазушы қазақ әдебиетіне «Қыран қалғымайды», «Тұйық», «Ақ аруана» сынды романдар мен әңгімелерді тарту етті. Елордадағы Ұлттық кітапхана мерейтойға орай көрме ұйымдастырып, оқырмандарды жазушының мұрасымен таныстырды. 


Сәбит Досановтың мұрасы қазақ әдебиеті үшін құнды қазына. Жазушының қаламынан шыққан шоқтығы биік «Қасқыр ұлыған түн», «Жиырмасыншы ғасыр», «Қылбұрау» сынды романдары оқырманға етене таныс. Оның «Қыран қалғымайды», «Жусан исі» повестерін де оқырман сүйіп оқиды. 


 Сондай-ақ қаламгер 25 жасында 78 жолаушысы бар ұшақ апатынан аман қалған. 


«Дей алмаймын дара туған данамын, Ел алдында аласамын, баламын. Қажетіне жарар болсам халқымның, Қиналмай-ақ өлімге де барамын», - деп жырлаған қаламгер 2024 жылдың 31 наурызында дүниеден озды. 


Жиырма жылға жуық «Жиырмасыншы ғасыр» эпопеясын жазған жазушы, өмірінің соңында XXI ғасырдың эпопеясын жазуға ден қойған болатын.