04 мау, 2025 сағат 08:55

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

Фото: ашық дереккөз

1992 жылдың дәл осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандықтар бұл күнді Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.

Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігін, тарихы мен мәдениетін айқындайды.

Бұл мереке – рәміздерімізді құрметтеп, мақтан тұтып, олардың мәні мен маңызын жете түсінуге үндейді.