09 шіл, 2024 сағат 14:15

"Бүгін Қайрат кетті": Тұрсынбек Қабатов Қайрат Нұртас екеуінің қамалғанын әзіл етті


Фото: Event агентство 1show.kz

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Астанада өткен концертте өзінің және Қайрат Нұртастың қамауға алынған кезін әзілдеді, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Тұрсынбек Қабатовтың концерттегі әзілін оның жары Мөлдір Мұқан instagram-дағы парақшасында бөлісіп: 

"Көрерменге деген құрметі қандай десейші", -деп тамсанды.


Концертте зал лық толғанын айтқан ол, мұны халықтың жақсы көргенінен деп түсіндірген.

"Айтпақшы, айта кетейінші. Сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселене келе берсінші. Рахмет баршаңызға", -деді Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы әлеуметтік желідегі жазбасында.


Айта кетейік, әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 туілікке қамауға алынған болатын. Бұдан бұрын Тұрсынбек Қабатов та тәртіп бұзғаны үшін 5 тәулікке қамауда болып шыққан.