Британияда коронавирус жұқтыру коэффиценті төмендеп жатыр. 7 миллионға жуық адам екпе алғаннан кейін Pfizer/BioNTech вакцинасы қауіпсіз деп танылды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Кейінгі аптада Біріккен Корольдықтағы Covid-19 жұқтыру оқиғалары күніне 2-5 пайызға азайып жатыр.
Жұма күні денсаулық сақтау министрлігі R коэффициенті деген атпен танылған аурудың өндіріс коффициенті әр өңірде 0,7-ден 1-ге дейінгі аралықта екенін айтты.
Бір апта бұрын бұл коффициент 0,7-1,1 аралығында болған.
Ол әр жаңа науқас емделуді бастағанға дейін қанша адамға індет жұқтыратынын көрсетеді. Егер R коэффициенті бірден төмендесе эпидемия азайып келе жатқанын көрсетеді.
Англияда қазіргі уақытта R коэффициенті 0,7-0,9 аралығында, ал Лондонда бұл көрсеткіш – 0,6-09.
«Енді Англияда эпидемия қысқарып жатыр деп сеніммен айтуға болады, бірақ мүмкіндігінше, бұрынғыдай үйде отырған дұрыс», - делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.
Мамырдың басында 50 жастан асқан британдықтардың бәріне Covid-19-ға қарсы екпе салу жоспарланып отыр. Премьер-Министр Борис Джонсон жағдай Пасхаға қарай жақсарады және биыл адамдар жазғы демалыстарын дұрыс өткізе алады деп үміттенеді.
Үкіметтің төтенше жағдайлар бойынша ғылыми кеңесшілері тобының (SAGE) мүшесі профессор Грэм Медли жалпы жағдайдың жақсарып келе жатқанын растап, бірақ үкіметті карантин ережелерін жеңілдетудің нақты бір күніне назар аудармай, «күнтізбе бойынша емес, жағдайға қарай» әрекет етуге шақырды.
Еске салсақ, Британия коронавирустан ең көп зардап шеккен Еуропадағы елдердің бірі. Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сәйкес, әлемдегі коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша Ұлыбритания АҚШ, Үндістан, Бразилия кейін төртінші орынды түйіндеп тұр.