07 мам, 2025 сағат 13:00

«Бозоқ» музей-қорығында «Уақытпен үндескен өмір» көрмесі ашылды

Фото: ҚР МАМ

«Бозоқ» музей-қорығында көрнекті қазақстандық ғалым, археолог, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Ақышевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Уақытпен үндескен өмір» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Көрмеде ғалымның жеке заттары қойылған. Бұл жәдігерлер Кемел Ақышевтің ғылыми қызметін ғана емес, оның дүниетанымын, эстетикалық талғамын және күнделікті өмір салтын да танытады.

Экспозициядағы әрбір зат Кемел Ақышевті тек ғалым ретінде ғана емес, сонымен қатар өз дәуірінің мәдениеті мен дәстүріне терең болаған, зиялы қауымының көрнекті өкілі ретінде де аша түседі. Көпшілік назарына ұсынылған бұл артефактілер – оның өмірлік ұстанымдары мен жетістіктерінің материалдық көрінісі.