18 мау, 2023 сағат 17:30

Болжам бойынша 7 адам кепілде - ІІМ Каspi bank-тегі жағдай туралы

Фото: Tengrinews.kz

Кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.

"Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр. 

Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ" - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары азаматтарды ресми көздерден алынған ақпаратқа сүйенуге, БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға, сондай-ақ елорда тұрғындарын сабыр сақтауға шақырды.

   видео: "Астана - Что? Где? Когда?" және "PRESS.KZ" Telegram-арналары