23 қар, 2021 сағат 14:40

Болгарияда туристер автобусы апатқа ұшырап, 45 адам қаза тапты


Солтүстік Македонияның туристік автобусы Болгарияның батысындағы автомагистральда апатқа ұшырап, өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан кем дегенде 45 адам қаза тапты. Құрбандардың арасында балалар да болған. Күйік шалған жеті адам ел астанасының ауруханасына жеткізілді. 

Апат шамамен түнгі сағат 2 кезінде болған. Қазіргі кезде апат орны қоршауға алынған.

Қаза болғандардың көбі - Солтүстік Македония тұрғындары.