06 қар, 2023 сағат 12:55

Болат Назарбаев жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: saliqaly.kz

Алматының Орталық клиникалық ауруханасы Болат Назарбаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Қазіргі уақытта науқас Орталық клиникалық аурухана АҚ жансақтау бөлімінде жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, науқастың жағдайына қатысты жеке ақпаратты туыстарының келісімінсіз жария етуге құқығымыз жоқ. Бұл мәселеге пікір беруге мүмкіндігіміз жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 қарашада бірқатар қазақстандық БАҚ Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын. Ақпараттарда Болат Назарбаевтың екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған.