14 ақп, 2024 сағат 17:32

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір алдағы үш жылға арналған «Болашақтың» жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Биылғы наурызда республикалық комиссияның отырысына шығарып, одан кейін таныстыруды жоспарлап отырмыз», — деді Саясат Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Министр жаңа стратегияда маңызды мәселелер ескерілгенін айтты.

«Сонымен қатар іріктеу жұмыстарын күшейтеміз. Мәселен, тағылымдамадан өту үшін енді ғылыми мақалаға қатысты талаптар қойылады. Ғалымдар жұмыс істеп тұрған зертханаларға жіберіледі. Олар жыл сайын елге оралған кезде ғылыми жобаларын өндіріске енгізу туралы есеп беруі тиіс», - деді министр.