Фото: U.S. Embassy in Kazakhstan
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға сапары барысында Қазақ ұлттық өнер университетіне барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мемлекеттік хатшыны ҚазҰӨУ ректоры, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсаходжаева қарсы алып, қазақ музыкасына қызығушылық танытқаны үшін және тығыз жұмыс кестесінде уақыт тауып, университетке арнайы келгені үшін алғыс білдірген.
"Сапар барысында қонақ ҚазҰӨУ мұражайында болып, университет студенттерінің орындауындағы қазақ халық аспаптары домбыра мен қобыздың үнін тыңдады.
Мистер Блинкен музыканы өте жақсы көреді және гитарада ойнайды, сонымен қатар Spotify-да ABlinken аккаунтын жүргізеді. Онда ол өзінің сүйікті музыкасын, соның ішінде әлемді саяхаттау кезінде естіген әндерімен бөліседі" - делінген оқу орнының Instagram парақшасында.