08 шіл, 2021 сағат 14:15

БҚО-да соңғы төрт күнде 730-дан астам адамнан коронавирус анықталды


Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 732 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 531-інде ауру белгілері болса, 201-і – симптомы жоқтар.

Індет жұқтырғандардың 471-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 106-сы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 107-сінен профилактикалық мақсатта, 6 адамнан стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Төрт күнде анықталғандардың 328-і Орал қаласы, 123-і Бәйтерек, 101-і Бөрлі, 34-і Теректі, 27-сі Ақжайық ауданының үлесіне тиеді.

Пандемия басталғаннан бері өңірде барлығы 26188 науқас тіркеліп, соның 20735-і жазылып шықты. 418-і коронавирустан көз жұмды.

Барлық ауырғандардың 14312-сі Оралда, 3295-і Бәйтерек, 2984-і Бөрлі, 1078-і Теректі ауданында тіркелген. 

Эпидемиолог мамандардың пайымдауынша, індет көзі қоғамдық көліктерде, адамдар жиі жиналатын жерлерде (сауда үйлері, медицина ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру орындары) көбірек таралады. Сондай-ақ бұрын ауырғандармен қарым-қатынас кезінде, еске алу, той-томалаққа барғанда, карантиндік талаптар сақталмаса, жұмыста да жұқтыруы ықтимал. Сондықтан тұрғындардың сақтық шараларын ұмытпағаны абзал.