09 сәу, 2018 сағат 11:10

БҚО-да өткен жылы салынған бөгетті су шайып кетті

Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылы тұсындағы дамбаны қатты еріген қар суы бұзып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, дамба өткен жылы күзде салынған болатын. Оны кепілдемелік міндеттемелеріне сәйкес мердігер мекеме өз қаражатына қалпына келтіреді.

Сонымен қатар облыс әкімі Алтай Көлгінов жобалаушы мекемелерді жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.

Айта кететін жайт, дамба бұзылғанымен, ауданға қажетті жиналған су қоры сақталады.

«Су дамбаны кеше бұзып кетті. Қазіргі кезде құрылысты қалпына келтіру бағытында шаралар алынуда. Жалпы, мұнда 700-800 мың текше метр су қорын сақтауға болады», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров.