Батыс Қазақстан облысында екі адамды өлтірген тұрғындар екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бәйтерек ауданы тергеу судьясы 17 сәуір күні тергеушінің 1977 жылғы Ч. және 1993 жылғы К-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған екеуге ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 7 және 15-тармақтарына (төтенше жағдай кезінде алдын ала сөз байласып, топ болып, екі немесе одан көп адамды өлтіру) сәйкес айып тағылып отыр.
Ч. мен Х. 25 наурыз күні шамамен сағат 23.00-де жәбірленушілер Ч. мен Х-ны өлтіріп, содан кейін мүрделерін орман ішіне апарып, көміп тастаған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі адамды өлтірді деген күдікпен 2 тұрғынның ұсталғанын жазған болатынбыз.
Марқұмдар – азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар.