21 сәу, 2020 сағат 10:30

Биылғы жылдың 1-тоқсанында 120-ға жуық билетсіз жолаушы тасымалданғаны анықталды

2020 жылдың 1-тоқсанында пойыздарда билетсіз жолаушы тасымалдаудың 120-ға жуық фактісі анықталды. Бұл туралы «Адал жол» жобалық кеңсенің басшысы Исламбек Майшекин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жылдың 1 тоқсанында 170 рейд жүргізіліп, оның барысында билетсіз жолаушы тасымалдаудың 120-ға жуық фактісі анықталған болатын. Анықталған фактілер бойынша пойыз қызметкерлерінің үстінен тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Егер өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырар болсақ, фактілердің саны екі есеге қысқарып отыр. Дегенмен, үш айдың ішінде 120 фактінің анықталуы проблеманың әлі қалғандығын көрсетеді», - деді жобалық кеңсе жетекшісі. 

Оның атап өтуінше, өткен жылы билет сатудың жаңа бағдарламасы іске қосылып, жолаушылар тасымалына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде билеттерді жаппай сатып алу 60 пайызға төмендеп отыр.