28 там, 2025 сағат 16:05

Биыл студенттердің стипендиясы қанша болады?


Фото: gov.kz

1 қыркүйектен бастап бакалаврлардың стипендиясы 52 372 теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Сонымен қатар вице-министрдің айтуынша педагогикалық мамандықтар үшін - 84000 теңге, магистранттар үшін 117 098 теңге, ал докторанттар үшін стипендия 262 500 теңге болады. 

Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.